Құрметті мектеп бітіруші түлектер, ұстаздар және ата-аналар!
Барлық мектептердегі оқу сабақтары 2022 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Қорытынды аттестаттауға жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 11 (12) сынып білім алушылары жіберіледі.
11 (12) сыныптың білім алушылары үшін бітіру емтихандары 2022 жылғы 27 мамырдан бастап 10 маусым аралығында бес пән бойынша өтеді.
Өткен жылдарға қарағанда «Қазақстан тарихы» пәні бойынша қорытынды аттестаттау ағымдағы жылдан бастап ауызша емтихан нысанында (билеттер бойынша), қалғандары – жазбаша емтихан нысанында өткізіледі.
«Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жазбаша емтихан ағымдағы жылдың 27 мамырында; қазақ/орыс/ұйғыр/тәжік/өзбек тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан а.ж. 30 мамырында; «Қазақстан тарихы» пәні бойынша ауызша емтихан а.ж. 2 маусымында; орыс/өзбек/ ұйғыр/ тәжік тілінде оқытатын сыныптардағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жазбаша емтихан а.ж. 7 маусымында, таңдау пәні (Физика, Химия, Биология, География, Геометрия, Дүниежүзі тарихы, Құқық негіздері, Әдебиет, Шет тілі (ағылшын/француз/неміс), Информатика) бойынша жазбаша емтихан а.ж.10 маусымында өтеді.
Сіздердің назарларыңызды әр пән бойынша емтихандарды өткізу ерекшелігіне аударамыз.