
Мектептерге 1-сыныпқа балаларды қабылдау үшін ата-аналардан 13 мыңнан астам электрондық өтініш келіп түсті. Ал бүгінгі жұмыс күнінің басынан бері өтінімдер саны 3 мыңнан асты. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін балаларды мектепке қабылдау қызметі автоматтандырылған және eGOV.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Автоматтандырылған жүйенің басты артықшылығы - барлық процестердің айқындығы, максималды ашықтық және қолдануға ыңғайлы жағдай жасау. ҰБТ, барлық деңгейдегі олимпиадалар электронды форматқа көшірілді, бұл өзінің оң нәтижелерін беруде. Естеріңізге сала кетейік, балалар 1-сыныпқа ата-анасының немесе білім алушының заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Қажетті құжаттар: - Баланың туу туралы куәлігі; - 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; - 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; - 3х4 көлеміндегі фотосурет.