
XVIII Халықаралық Жәутіков олимпиадасында қазақстандық оқушылар 97 медаль жеңіп алды.Оның ішінде,🏅13 алтын ,🥈21 күміс,🥉63 қола медаль. Жеңімпаздар Astana IT University және ҚБТУ сияқты жоғары оқу орындарының атаулы сыйлықтары мен білім беру гранттарына ие болды. Биыл Халықаралық Жәутіков олимпиадасына қатысушылардың рекордтық саны, дәлірек айтқанда, 🌎әлемнің 21 елінен 1200-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысты. Олардың қатарында Қазақстан, Түркия, Ресей, Румыния, Норвегия, Үндістан, Болгария, Грузия, Вьетнам, Индонезия, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Өзбекстан және т.б. елдер бар. Зияткерлік жарысқа Қазақстан атынан 200-ден астам оқушыдан құралған 32 команда қатысты. Айта кетейік, Халықаралық Жәутіков олимпиадасы ҚР БҒМ қолдауымен Республикалық физика-математика мектебінің базасында өтті. Оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!👏🏻🎊 @bilim_jane_gylym