Дарынды балаларды қолдау

Дарынды балаларды қолдау

Мемлекет басшысының дарынды балаларды қолдау жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында министрлік заңнамаға енгізілетін түзетулерді дайындады. Олар халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз, яғни конкурстан тыс негізде білім алу үшін гранттар беруді көздейді. Бастысы біз халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және оларды даярлаған педагог- жаттықтырушыларға да біржолғы ақшалай сыйақы төлеуді қарастырдық. Алтын медаль иегерлеріне — 1500 АЕК, күміс медаль – 1000 АЕК, қола медаль – 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы тағайындау жоспарланып отыр. ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова @bilim_jane_gylym