«Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың жаңа бағдары» панельдік сессиясы

«Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың жаңа бағдары» панельдік сессиясы

2021 жылғы 5 тамызда педагогтердің Тамыз конференциясын өткізу аясында «Мектепке дейінгі балалық шақ» РО-ның алаңында «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың жаңа бағдары» панельдік сессиясы өтті.

 

Панельдiк сессия жұмысына ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң өкiлдерi, «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының мамандары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың бiлiм басқармаларының мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бөлiмiнiң басшылары, жауапты мамандары, облыстық әдiстемелiк орталықтар мен кабинеттердiң мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бөлiмдерiнiң мамандары, мектепке дейiнгi ұйымдардың басшылары, әдiскерлерi мен педагогтерi, жоғары оқу орындары мен колледждердiң оқытушылары, бiлiктiлiктi арттыру институтының мамандары, үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi, ата-аналар қауымдастығы қатысты. Барлығы 2 000 мыңнан астам педагогтер қатысты.

 

Панельдiк сессияда республикадағы мектепке дейiнгi бiлiм беру жүйесiнiң ағымдағы жай-күйi тыңдалды, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiн дамыту мәселелерi, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуды дамытудың жаңа моделi тұрғысынан мектепке дейiнгi ұйымдардағы тәрбие мен бiлiм беру процесiнiң 2021-2022 оқу жылына арналған ерекшелiктерi, нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру, әдiстемелiк сүйемелдеу және педагогтердiң кәсiби деңгейiн арттыру мәселелерi талқыланды.

 

Панельдiк сессия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар панельдiк сессия тақырыбына сәйкес пiкiр алмасты және ұсынымдар қабылданды.