2021 жылғы 5 тамызда педагогтердің Тамыз конференциясын өткізу аясында «Өрлеу» БАҰО-ның алаңында «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және үздіксіз кәсіби дамуы» панельдік сессиясы өтті.
Іс-шараға ҚР БҒМ өкілдері, ЖОО ректорлары, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының өңірлік білім басқармаларының басшылары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының директорлары, «НЗМ» ДББҰ ПШО өкілдері, шақырылған қонақтар қатысты.
Джулиан Стэнли, Еуропалық білім беру қорының сарапшысы өз сөзінде педагогтің кәсіби дамуындағы ең үздік тәсілдер туралы заманауи ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен таныстырып өтті. Элейн Шарплин, Гүлмира Қанай және Алима Ибрашева, Азия-Тынық мұхиты аймағы елдері бойынша UNESCO есебіндегі Қазақстан туралы тарауының авторлары еліміздің педагогтері мен сарапшыларымен бірлесіп педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының сын-қатерлері мен ұсыныстарын талқылады.
Секция отырысының өзге де спикерлері өз баяндамаларында ЖОО педагогінің кәсіби даму мүмкіндіктері мен траекториясы туралы, мектепке дейінгі білім мен жоғары білімге дейінгі білім берудің барлық деңгейлерін қамтитын кәсіби даму жолдарының ерекшеліктері, педагогтердің кәсіби дамуының бағыттары, нысандары мен әдістеріне тоқталды. Педагогтердің кәсіби өсуі үшін жағдай жасаудағы мектеп тәжірибесімен бөлісіп, колледж оқытушыларының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға арналған іс-шаралар кешені туралы әңгімеледі. Жас мұғалімнің де, педагогтің де кәсіби өсу жолын ашудың түрлі әдістерін нақтылады.
Отырыс соңында модератор Дуйшон Шаматовтың ұсынысымен қатысушылар мен YouTube тікелей эфир көрермендерінен және Facebook «НЦПК «Өрлеу» ресми парақшасына келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.