«Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас – оқыту мен тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлі» панельдік сессиясы

«Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас – оқыту мен тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлі» панельдік сессиясы

2021 жылғы 10 тамызда педагогтердің Тамыз конференциясын өткізу аясында Ы. Алтынсарин Ұлттық білім академиясының алаңында «Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас – оқыту мен тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлі» панельдік сессиясы өтті.

 

Сессия жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен 5000-ға жуық педагог қатысты. Панельдік сессия аясында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат бойынша Ұлттық комиссия, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» РММ, «Білім-инновация» ХБҚ, «Әкелер Одағы» РҚБ өкілдері сөз сөйледі.

 

Панельдік сессияға қатысушылар мектеп пен отбасының өзара байланысы, балаларды тәрбиелеу және оқыту процесіндегі ата-аналардың рөлі, педагогтердің ата-аналармен тиімді қарым-қатынас құру қабілеті, цифрландыру дәуірінде балаларды тәрбиелеу және т.б. мәселелерді талқылады.

 

Панельдiк сессия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар панельдiк сессия тақырыбына сәйкес пiкiр алмасты және ұсынымдар қабылданды.