2021 жылғы 11 тамызда педагогтердің Тамыз конференциясын өткізу аясында «Caravan of Knowledge» қорының алаңында «Қазақстандағы STEAM білім беруді дамыту стратегиясы мен тәжірибесі» панельдік сессиясы өтті.
Сессия жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен 1200 педагог қатысты. Панельдік сессия аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Caravan of Knowledge» корпоративтік қорының, Республикалық жекеменшік білім ұйымдар қауымдасытығының білімді дамыту институтының, UNICEF Қазақстан өкілдері сөз сөйледі.
Панельдік сессияға қатысушылар Қазақстандағы мектеп білімінде және мектепке дейінгі STEAM зерттеу нәтижелерін, Қазақстандағы STEAM білім беру жол картасын, педагогикалық факультеттерге арналған STEAM элективті бағдарламасын және т.б. мәселелерді талқылады.
Панельдiк сессия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар панельдiк сессия тақырыбына сәйкес пiкiр алмасты және ұсынымдар қабылдады.