«Экологиялық білім беру» панельдік сессиясы

«Экологиялық білім беру» панельдік сессиясы

2021 жылғы 11 тамызда педагогтердің Тамыз конференциясын өткізу аясында Ы. Алтынсарин Ұлттық білім академиясының алаңында «Экологиялық білім беру» панельдік сессиясы өтті.

 

Сессия жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен 5000-ға жуық педагог қатысты. Панельдік сессия аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының өкілдері сөз сөйледі.

 

Панельдік сессияға қатысушылар экологиялық білім мен мәдениетті қалыптастырудың заманауи тетіктерін, экологиялық сананы қалыптастырудағы құқықтық тәрбиенің рөлін, туристік экологиялық іс-әрекеттердің тәрбиелік, танымдық мақсатын,     экологиялық білім берудегі халықаралық тәжірибелерді, орта білім беру деңгейіне арналған «Экология» курсының маңыздылығын, экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге арналған білім алаңдарын және т.б. мәселелерді талқылады.

 

Панельдiк сессия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар панельдiк сессия тақырыбына сәйкес пiкiр алмасты және ұсынымдар қабылдады.