2021 жылғы 11 тамызда педагогтердің Тамыз конференциясын өткізу аясында «Заманауи жағдайда әдістемелік қызметті трансформациялау» панельдік сессиясы өтті.
Сессия жұмысына 7000-ға жуық облыстық және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық білім басқармаларының басшылары, өңірлік әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары, әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер қатысты. Панельдік сессия аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитет, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері, өңірлік әдістемелік орталықтар басшылары сөз сөйледі.
Панельдік сессияға қатысушылар орта білім беру жүйесінің әдістемелік қызметінің жағдайы, мәселелері және болашағы, оларды жетілдіру жолдары, білім берудің жаңа парадигмасы шеңберінде білім алушылардың білімін толықтыру үшін оқу процесінде инновациялық әдістерді қолдану және т.б. мәселелерді талқылады.
Панельдiк сессия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар панельдiк сессия тақырыбына сәйкес пiкiр алмасты және ұсынымдар қабылданды.