«Педагогикалық білім беруді жаңғырту» панельдік сессиясы

«Педагогикалық білім беруді жаңғырту» панельдік сессиясы

2021 жылғы 12 тамыз педагогтердің тамыз конференциясының «Педагогикалық білім беруді жаңғырту» панельдік сессиясы өтті.

 

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, жалпы білім беретін мектептер мен үздіксіз білім беру орталықтарының директорлары, білім беру саласындағы тәуелсіз сарапшылар қатысты. Конференцияға еліміздің барлық өңірінен 500-ден астам тыңдаушы қатысты.

 

Проблемалық мәселелерді анықтау үшін баяндамашылар TIMSS, PISA, PIAAC, TALIS нәтижелері бойынша жоғары оқу орындарының талантты жастарды тартуға байланысты педагогикалық қауымдастықтың түсінуі үшін маңызды проблемаларды бөліп көрсетті: мұғалімдердің оқытудың ескірген әдістерін қолдануы; университеттер мен мектептер арасындағы серіктестіктің формальды сипаты; мұғалімдердің біліктілікті арттыру мен ынтымақтастыққа қатысу деңгейінің төмендігі және т.б.

 

Сонымен қатар өтініш берушілер контингентіндегі өзгерістер, педагогтің кәсіби стандартын жаңарту қажеттілігі, республикалық оқу-әдістемелік кеңестердің рөлі, педагогтердің цифрлық сауаттылығы, педагогердің үздіксіз кәсіби білімі және т.б. сұрақтар қарастырылды.

 

Қатысушылар пандемия тәжірибесі ЖОО-лардың қоғам өміріндегі рөлін, сондай-ақ білім берудің заманауи трендтері мен жаһандық сын-қатерлер жағдайында педагогикалық білім беру жүйесінің икемділігі қажеттілігін қайта қарастыруға мүмкіндік бергенін атап өтті.

 

Қатысушылар педагогикалық білім берудегі идеологияның маңыздылығы, пәнаралық бағдарламалар, педагогикалық мамандыққа қайта даярлау, корпоративтік оқыту саласындағы ынтымақтастық, білім беру ұйымдарындағы инфрақұрылым туралы пікірлерімен бөлісті.

 

Панельдік сессия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, өз ұсыныстарын енгізді.