«Сапалы дене тәрбиесі – еліміздің адами капиталының негізі» панельдік сессиясы

«Сапалы дене тәрбиесі – еліміздің адами капиталының негізі» панельдік сессиясы

2021 жылғы 12 тамызда педагогтардың Тамыз конференциясы аясында «дене шынықтыру» секциясы бойынша «Сапалы дене тәрбиесі – еліміздің адами капиталының негізі» панельдік сессиясы өтті.

 

Панельдік сессия жұмысына ЮНЕСКО-ның, ДДСҰ-ның, Спорт ғылымы және дене тәрбиесі жөніндегі халықаралық кеңестің (Германия), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасы спорт федерацияларының, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері, П.Ф. Лесгафт атындағы ұлттық мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және денсаулық университеті (Ресей), ҚР Дене шынықтыру мұғалімдері қауымдастығының өкілдері, жалпы білім беретін орта мектептердің директорлары, өңірлік дене шынықтыру және спорт орталықтарының директорлары, дене шынықтыру мұғалімдері, ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының қызметкерлері қатысты.

 

Конференцияға қатысушылардың жалпы саны еліміздің барлық өңірлерінен 800-ден астам дене шынықтыру педагогтерін құрады.

 

«Сапалы дене тәрбиесі – еліміздің адам капиталының негізі» панельдік сессиясында келесі мәселелер қаралды:

 

"Сапалы дене тәрбиесінің принциптері: ЮНЕСКО стандарттары"

 

"Физикалық және ақыл-ой қызметін қалыптастыруға арналған мамандандырылған өнімдер"

 

"Денсаулықты сақтау мен нығайтудағы дене шынықтыру мұғалімінің рөлі"

 

"Өңірлік деңгейде балалардың, жасөспірімдер мен жастардың дене дамуы мен дене даярлығы мониторингінің пилоттық жобасының нәтижелері бойынша дене тәрбиесі сапасының мониторингінің проблемалары"

 

"Мектеп жасындағы балалар арасында дене белсенділігін насихаттау және ДДҰ-ның дене белсенділігі бойынша жаһандық ұсыныстары"

 

«Тоғызқұмалақ ойынының бала тәрбиесіндегі орны»

 

"Инклюзивті білім беруде дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың маңыздылығы"

 

"Президенттік тест - қазақстандық дене тәрбиесі жүйесінің негізі ретінде"

 

"Дене шынықтыру мен спортты дамытуға инновациялық компьютерлік және ақпараттық технологияларды енгізу (Атырау облысы үлгісінде)"

 

"Қауымдастықтар арасындағы серіктестік. Алматы қаласында жан басына қаржыландыру арқылы жалпы білім беру мекемелерінде тегін спорт секцияларын ашу. Дене шынықтыру оқытушыларының табыстылығы".

 

Панельдік сессия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, өз ұсыныстарын айтты.