«Балалардың қауіпсіз ортасын қамтамасыз етудің тиімді әдістері және олардың құқықтарын қорғау» панельдік сессиясы

«Балалардың қауіпсіз ортасын қамтамасыз етудің тиімді әдістері және олардың құқықтарын қорғау» панельдік сессиясы

2021 жылғы 12 тамызда педагогтердің Тамыз конференциясын өткізу аясында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің алаңында «Балалардың қауіпсіз ортасын қамтамасыз етудің тиімді әдістері және олардың құқықтарын қорғау» панельдік сессиясы өтті.

 

Панельдік сессия аясында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асылова, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Е. Н.Иманғалиев, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдері сөз сөйледі.

 

Панельдік сессияға қатысушылар    қамқорлықсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау, балалар жарақаттануының, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың негізгі әдістері, мектептегі қорлаудың алдын алу және ескерту: мұғалімнің рөлі мен ұстанымы, оқу орындарындағы, көшелердегі және әлеуметтік желілердегі балалардың қауіпсіздігі, өзекті мәселелер және осы мәселелерді шешудің модернизациялау әдістері және т.б. мәселелерді талқылады.

 

Панельдiк сессия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар панельдiк сессия тақырыбына сәйкес пiкiр алмасты және ұсынымдар қабылдады.