«Эмоционалдық интеллект және сыни ойлау» панельдік сессиясы

«Эмоционалдық интеллект және сыни ойлау» панельдік сессиясы

2021 жылғы 12 тамызда педагогтердің Тамыз конференциясын өткізу аясында «Эмоционалдық интеллект және сыни ойлау» панельдік сессиясы  өтті.

 

Сессия жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен 6000-нан астам педагог, оның ішінде оқытушылар, эмоционалдық интеллект пен сыни ойлауды дамытумен айналысатын қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

 

Спикерлер білім алушылардың эмоционалдық интеллектін қалыптастыру ерекшеліктеріне, жасөспірімдермен жұмыс жасаудағы сыни ойлаудың тиімділігіне,  мұғалімнің эмоционалды интеллектіне және білім беру процесінде тұлғаны дамытудың басымдықтарына назар аударды.

 

 Сессия барысында 7-сыныпқа арналған «Эмоционалдық интеллект және сын тұрғысынан ойлау» вариативті курсының типтік оқу жоспарының жобасы ұсынылды.

 

Панельдiк сессия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар панельдiк сессия тақырыбына сәйкес пiкiр алмасты және ұсынымдар қабылданды.