«Білім беру жүйесінің сапасын бағалаудың жаңа тәсілдері» панельдік сессиясы

«Білім беру жүйесінің сапасын бағалаудың жаңа тәсілдері» панельдік сессиясы

2021 жылғы тамызда педагогтердің Тамыз конференциясы аясында «Білім беру жүйесінің сапасын бағалаудың жаңа тәсілдері» панельдік сессиясы өтті.

 

Панельдiк сессия жұмысына аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің, өңірлік білім басқармаларының, әдістемелік кабинеттердің қызметкерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, басшы орынбасарлары қатысты. Конференцияға өңірлерден барлығы 9 мыңға жуық педагогтер қатысты.

 

Панельдiк сессияда білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу, оның нәтижелеріне кешенді талдау жасау, кері байланысты қамтамасыз ету және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының білім беру ұйымдарына әдістемелік қолдау көрсету, сондай-ақ білім беру ұйымдарында жаңа форматта мемлекеттік аттестаттау  жүргізу мәселелерi талқыланды.

 

Баяндамашылар: М.С.Әбдікәрім – ҚР БҒМ Білім және ғылым комитеті төрағасының орынбасары, Л.К. Бөлебаева – Ұлттық білім беру академиясының зертхана меңгерушісі, А.Б. Сейтов – ҚР БҒМ Білім және ғылым комитетінің бас сарапшысы.

 

Панельдiк сессия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар панельдiк сессия тақырыбына сәйкес пiкiр алмасып, ұсынымдар қабылданды.