Мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагогтері үшін «21 ғасыр дағдылары: олардың жаңа сын-қатерлер жағдайында қалыптасуы» панельдік сессиясы

Мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагогтері үшін «21 ғасыр дағдылары: олардың жаңа сын-қатерлер жағдайында қалыптасуы» панельдік сессиясы

2021 жылғы 13 тамызда «Дарын» республикалық-ғылыми практикалық орталығының алаңында педагогтердің Тамыз конференциясын өткізу аясында мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагогтері үшін  «21 ғасыр дағдылары: олардың жаңа сын-қатерлер жағдайында қалыптасуы»   панельдік сессиясы өтті.

 

Панельдiк сессия жұмысына 500-ден астам дарынды балалармен жұмыс жөніндегі өңірлік орталықтардың басшылары, мамандандырылған білім беру ұйымдарының басшылары, орынбасарлары, педагогтер мен психологтар қатысты.

 

Панельдік сессияның  күн тәртібінде: оқу үдерісін ұйымдастыру, жаңа оқу жылында білім берудің жаңа парадигмасы: олар қалай оқытады және қалай оқиды? Індеттен кейінгі кезең, онлайн форматтан гибридті оқыту форматымен дәстүрлі форматына көшу; білімдегі олқылықтар және олардың орнын толтыру; денсаулықты қолдау (физикалық және психологиялық); білім берудің барлық деңгейлеріндегі педагогтар мен ғалымдар арасындағы белсенді коллаборация, педагогикалық білім беруді жаңғырту, ата-аналардың тәрбие мен оқытудағы рөлі, кадрлық резервті дамыту тақырыптары қарастырылды.

 

Панельдiк сессия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар панельдiк сессия тақырыбына сәйкес пiкiр алмасты және ұсынымдар қабылданды:

 

инновациялық бағыттағы практикалық семинарлар, онлайн вебинарлар, шебер-сыныптар, тренингтер, психологиялық акциялар жүйесі арқылы педагог қызметкерлердің кәсіби өсу жүйесін қалыптастыру;

дарынды балаларды анықтау және оқыту үшін қолайлы жағдай жасау;

танымдық, коммуникациялық, әлеуметтік өзара іс-әрекет, өзін-өзі жетілдіру, анықтау, іске асыру қабілеттерін дамыту арқылы білім алушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру; 

 білім беру процесінің барлық қатысушыларының, яғни мұғалім-оқушы-ата-ананың психоэмоционалдық, психологиялық денсаулығын нығайтуға және қолдауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

- құзыреттілік әдістеріне негізге ала, білім беру процесінің заманауи талаптарын ескере отырып, дарынды балаларды тәрбиелеу мен оқытуға ата-аналар қауымдастығын тарту бойынша жұмыс;

 

- рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде үйлесімді дамыған және әлеуметтік жауапты тұлғаны тәрбиелеу.