«Инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың заманауи кезеңі: үздіксіздік және жүйелілік» панельдік сессиясы

«Инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың заманауи кезеңі: үздіксіздік және жүйелілік» панельдік сессиясы

2021 жылғы 13 тамызда «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» педагогтердің Республикалық тамыз конференциясын өткізу аясында

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА  ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың заманауи кезеңі: үздіксіздік және жүйелілік» панельдік сессиясы өтті.

 

Сессия жұмысына 3 мыңнан астам педагог, оның ішінде облыстық және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық білім басқармаларының, өңірлік әдістемелік кабинеттердің, білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Сессия модераторлары Ы. Алтынсарин  атындағы ҰБА Инклюзивті білім беру орталығының директоры, Л.А. Бутабаева, орталықтың бас сарапшысы С.К. Исмагулова болды.

 

Панельдік сессия барысында қатысушылар инклюзивті білім беру аясындағы мемлекеттік саясатты, еліміздегі инклюзивті білім беруді дамыту процесіндегі үздіксіздік және жүйелілік қағидаттарын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады.

 

Панельдік сессия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, өз ұсыныстарын айтты.