2021 жылғы 16 тамызда педагогтердің Тамыз конференциясын өткізу аясында «Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша бастауыш сыныптың математика пәнінде кездесетін түйінді мәселелерге талдау» панельдік сессиясы өтті.
Панельдiк сессия жұмысына бастауыш сыныптың математика пәні мұғалімдері қатысты. Академияның каналында 2,6 мың қаралым болды.
Панельдiк сессияда жаңартылған білім бағдарламасы бойынша бастауыш сыныптың математика пәнінде кездесетін түйінді мәселелерге талдау жасалды.
Панельдiк сессия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар панельдiк сессия тақырыбына сәйкес пiкiр алмасты және ұсынымдар қабылданды.