2021 жылғы 16 тамызда онлайн режимде педагогикалық қызметкерлердің Республикалық тамыз конференциясы шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің секциялық отырысының «Жаһандық қайта құру жағдайындағы білім беру мазмұнын трансформациялау: негізгі өзгерістер мен жаңа тәсілдер» панельдік сессиясы өтті.
Оған Ресейден (Копнов В.А., профессор, техника ғылымдарының докторы), Ирландиядан (Autus Global Limited компаниясының директоры Ольга Кеннелли), Финляндиядан (Микко Ламме, атқарушы директор, MIF Academy, Soprano Group), Сингапурдан (Nanyang Politechnic International директорының орынбасары Сун Татс Фах), ҚР Білім және ғылым министрлігінен, «Talap» КЕАҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП-нан, ТжКБ ұйымдарының педагогикалық, басқарушы және өзге де қызметкерлерінен, жұмыс берушілерден 1200-ден астам адам қатысты.
Сессия ҚР БҒМ ТжКББ департаментінің директоры Насымжан Оспанованың басшылығымен өтті.
Тақырыптық алаң академиялық дербестікті ескере отырып, ТжКББ мазмұнын жаңарту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.
Насымжан Оспанова өз сөзінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің қазіргі жағдайдағы міндеттері және жаңа оқу жылына дайындық туралы айтты:
2021-2022 оқу жылынан бастап колледждерге Еңбек нарығының қажеттіліктеріне ТжКБ жүйесінің жедел ден қоюын қамтамасыз ету үшін академиялық дербестік берілетін болады. Министрлік ТжКБ мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын өзектендірді. Заң жобасында уәкілетті органның колледжде оқу мерзімдерін белгілеуі туралы норма алынып тасталды.
Сондай-ақ жаңа МЖМБС әзірленіп, бекітілді. Білім беру бағдарламаларын МЖМБС, кәсіптік стандарттар, WorldSkills кәсіптік стандарттары талаптарының негізінде жұмыс берушілердің қатысуымен ТжКБ ұйымдары дербес әзірлейді; ТжКБ ұйымдары міндетті оқытуға бөлінген кредиттердің/сағаттардың жалпы санын сақтай отырып, пәндердің/модульдердің көлемі мен мазмұнын дербес айқындайды; оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылаудың нысандарын, әдістерін таңдайды.
Осылайша колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп, оқу мерзімдерін, оқу уақытының көлемін анықтай алады және қосымша модульдерді енгізе алады.
2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қалыптастыру үшін колледждерде кредиттік оқыту технологиясы енгізіледі.
ТжКБ жүйесі үшін кәсіптік білім беру және ECVET оқыту үшін оқытудың нәтижелерін аударуды, тануды және жинақтауды қамтамасыз етуге бағытталған еуропалық кредиттік технология бейімделетін болады. ТжКБ-ға кредиттік жүйені енгізудің негізгі мақсаты формальды және бейресми оқытуды тану есебінен ТжКБ тартымдылығын арттыру және оқыту мерзімдерін дараландыру, сондай-ақ білім алушылардың ішкі ұтқырлығын қамтамасыз ету болады.
Сайып келгенде, барлық осы шаралар колледждерге икемді болуға және еңбек нарығындағы және қоғамдағы кез-келген өзгерістерге тезірек жауап беруге мүмкіндік береді, нәтижесінде білім беру сапасын жақсартады.