«Оқуға құштар баланы тәрбиелеудегі мектеп кітапханасының ролі» панельдік сессиясы

«Оқуға құштар баланы тәрбиелеудегі мектеп кітапханасының ролі» панельдік сессиясы

2021 жылғы 16 тамызда педагогтердің Тамыз конференциясын өткізу аясында  «Оқуға құштар баланы тәрбиелеудегі мектеп кітапханасының ролі» панельдік сессиясы өтті.

 

Панельдiк сессия жұмысына Жапония, АҚШ, Ресей, Украина, Өзбекстан  өкілдері және Қазақстан Республикасы білім жүйесі мен мектеп кітапханаларының мамандары қатысты. Барлығы 5144 педагог қатысты.

 

Панельдiк сессияда оқу және оны қолдауды іске асыру, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана білу, жас оқырман-оқушылардың  ақпараттық мәдениетін жоғарлату, мектеп кітапханаларын заманауи техникамен қамтамасыз ету, кітапханалық және ақпаратты-библиографиялық қызметін ұйымдастыру, негізгі және салалық қорлармен оқулық қорларын сақтау  мәселелерi талқыланды.

 

Панельдiк сессия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар панельдiк сессия тақырыбына сәйкес пiкiр алмасты және ұсынымдар қабылданды.