2021 жылғы 16 тамызда педагогтердің Тамыз конференциясын өткізу аясында «Білім беру жүйесіндегі цифрландырудың жаңа трендтері» панельдік сессиясы өтті.
Панельдiк сессия жұмысына облыстық/қалалық білім басқармаларының басшылары, мектеп директорлары мен білім беру ұйымдарының педагог өкілдері қатысты. Барлығы 100-ден астам педагог болды.
Панельдiк сессияда білім беру жүйесін цифрлық жаңғырту; цифрландыру бойынша ұлттық жобалар; білім беру жүйесіндегі кәсіптік бағдар беру бойынша цифрлық шешімдер; МЖМБС стандарттары бойынша Digital STEAM; цифрлық/сандық дағдыларды енгізудің тиімді әдісі; робототехниканы оқытуды қалай жеңілдетуге болады; мектептер мен колледждерде кесте құруды автоматтандыру және оңайлату; ағылшын тілін оқытуды цифрландыру мәселелерi талқыланды.
Панельдiк сессия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар панельдiк сессия тақырыбына сәйкес пiкiр алмасты және ұсынымдар қабылданды.