
2020 жылы қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 437 медаль жеңіп алды.
Қалалық және ауылдық мектептер арасында білім беру сапасындағы алшақтықты азайту үшін ауылдан келген дарынды балаларды қолдау бойынша жұмыс жалғасып, "Мың бала" жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Үлгерімі төмен оқушылардың білім деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар өткізіледі. Биыл алғаш рет оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін демалыс онкүндіктері мен жазғы мектептердің ұлттық бағдарламасы іске асырылып жатыр. Мықты мектептер көрсеткіштері төмен мектептерді өз қамқорлықтарына алады. 12 өңірде шағын жинақталған оқу орындарына қолдау көрсететін 186 тірек мектеп жұмыс істейді.
Сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту үшін мектептерде, колледждер мен университеттерде пікірталас қозғалыстары мен өзін-өзі басқару институттары белсенді дамып жатыр.