3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 98,7% құрайды

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 98,7% құрайды

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 98,7% құрайды. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 95%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте әлеуметтік осал санаттағы отбасыларды қолдауға ерекше көңіл бөлінген. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалардың балабақшаға кезекке тұруында жеңілдіктер қарастырылған.

Балабақшаларда орын бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін балаларды қабылдау және кезекке қою рәсімі толығымен автоматтандырылған. Бұл тәсіл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді.

Алдағы оқу жылында «Ойын арқылы оқыту» қағидаты бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа моделі енгізілетін болады. «Балаларды ерте жастан дамыту институты» құрылады.

2020 жылы МЖӘ құрылысы мен тетігі есебінен мектепке дейінгі ұйымдар желісі 500 бірлікке ұлғайды. Жеке меншік балабақшаларды дамыту да ваучерлік қаржыландыруды енгізу есебінен ынталандырылатын болады. Әр баланы жан басына қаржыландыру нормативі 31 мыңнан 40 мың теңгеге дейін ұлғайтылады.