ҚАЗАҚСТАНДА МЕКТЕП АУЛАСЫНДАҒЫ ДӘРЕТХАНАЛАРДЫҢ САНЫ 18 ЕСЕГЕ АЗАЙДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА МЕКТЕП АУЛАСЫНДАҒЫ ДӘРЕТХАНАЛАРДЫҢ САНЫ 18 ЕСЕГЕ АЗАЙДЫ

Қазақстан мектептеріндегі ауладағы дәретханалардың саны 18 есеге азайды. 2020 жылдың басында ауладағы дәретханалардың саны 2 700 болса, 2021 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша олар 18 есеге қысқарды. Мәселе биыл толығымен шешілетін болады.

Білім беру ұйымдарын санитарлық-гигиеналық жайлылықпен қамтамасыз ету мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ХХХ отырысы барысында талқыланғанын айта кеткен жөн.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар білім беру ұйымдарын жылы дәретханалармен қамтамасыз ету және ауладағы дәретханаларды жою бойынша іс-шаралар өткізді.

Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында жылы дәретханаларды орнату бойынша жұмыс қарқыны төмен. Бұл өңірлерге шұғыл шаралар қабылдау тапсырылды.