🏆 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

🏆 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

🔹Қазақстанның құрама командасы информатика бойынша халықаралық олимпиадаға (International Olympiad in Informatics – IOI 2020) қатысты. IOI 2020 нәтижелері бойынша Өскемен қаласы «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің түлегі Байболов Темірлан күміс медаль жеңіп алды.

🔹Биыл жарысқа 80-нен астам елдің оқушылары қатысты. Қазақстандық команданың құрамына информатика пәні бойынша республикалық олимпиада және іріктеу турының нәтижелері бойынша жеңімпаз атанған 4 оқушы кірді.

🔹Информатика бойынша халықаралық дода аясындағы интеллектуалды біріншілікте бүкіл әлемнің жас программистері жиналатынын айта кеткен жөн.

🔹Аталған олимпиада күллі әлем бойынша ақпараттық технологиялар саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылған.