
🖌«Үздік педагог» атағын беру бойынша Республикалық конкурстық комиссия жұмысын бастады.
🖌Биыл «Үздік педагог» конкурсының республикалық кезеңіне 144 педагог өтінім берді. Оның ішінде: мектепке дейінгі және орта білім бойынша – 109, техникалық және кәсіптік білім бойынша – 35.
🖌Мұғалімдер күні қарсаңында Конкурс нәтижесі шығарылып, еліміздің үздік педагогтері анықталады.
🖌9 жыл ішінде «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары болған мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік білім жүйесінің 432 педагогіне 1000 АЕК ақшалай сыйақы берілгенін айта кеткен жөн.
🔗 Толығырақ Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың Facebook-тегі жеке парақшасынан оқи аласыздар:
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=611295029541738&id=100019837397965