
Ағымдағы жылдың қазан айында алғаш рет білім беру ұйымдарының басшыларын заңнама мен басқарушылық құзыреттерді білу бойынша Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсырту арқылы аттестаттау жоспарлануда.
Білім беру ұйымдарының басшыларын аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
* өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды;
* өтініш берілген біліктілік санатына ротациялаумен аттестатталды;
* өтініш берілген біліктілік санаты растала отырып аттестатталды;
* өтініш берілген санатына аттестатталмады;
* еңбек шарты бұзыла отырып, өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады
Басшыларды аттестаттау тиімділік және кәсібилік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ лауазымдық жалақыға 30% - дан 100% - ға дейін жалақыны арттыру үшін негіз болады.