Меню

Страницы

Статья

Қашықтан оқыту

1 қыркүйек — Білім күні. Мектептерде Білім күніне және оқу жылының басталуына арналған онлайн линейкалар өтеді. Балалар мектепке келмейді, онлайн линейкаларға қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары арқылы қатысады.

Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал ескеріліп, балалар мен педагогтердің денсаулығын сақтау мақсатында мектепалды даярлық сыныптарында, 1-11 сыныптарда мектептерде қашықтан оқыту жүргізіледі.

Қашықтан оқыту дегеніміз — оқу процесінде мұғалім мен оқушының қашықтан өзара байланыс жасауы.

Қашықтан оқытуда қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары пайдаланылады: интернет-платформа, WhatsApp, компьютер, ноутбук, планшет.

Сонымен қатар ата-аналардың өтініштері негізінде мектепалды даярлық, 1-4 сынып оқушылары үшін санитарлық нормалар сақталып, кезекші сыныптар ашылады.

Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы жақсы елді мекендердегі мектептерде мектепалды даярлық, 1-11 сынып оқушылары қалыпты режимде оқытылады.

Санитарлық талаптар қатаң сақталады.

Егер ата-аналар балаларын мектепке жібермеуді ұйғарса, онда мектеп балаларды қашықтан оқытады.

Мектепалды даярлық сыныптары, 1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша мектепте кезекші сынып ашылады.
Кезекші сыныпта 15 оқушыға дейін оқытылады. Әр кезекші сыныпқа бөлек мұғалім бекітіледі.

Арнайы мектеп-интернаттардағы ерекше білімді қажет ететін оқушылар ата-аналарының өтініші бойынша штаттық режимде оқи алады. Бұл ретте балалар интернатта тұрады және мектеп жабық режимде жұмыс жасайтын болады.


Онлайн TV-сабақтары

TV-сабақтар


Онлайн сабақ кестесі

Қыркүйектегі TV сабақтардың кестесі

Қазандағы TV сабақтардың кестесі

Қарашадағы TV сабақтардың кестесі

Желтоқсандағы TV сабақтардың кестесі

Қаңтардағы TV сабақтардың кестесі

Ақпандағы TV сабақтардың кестесі

Наурыздағы TV сабақтардың кестесі

Сәуірдегі TV сабақтардың кестесі


Мектепке дейінгі білім беру

— Шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдстырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

— Өтініш үлгісі (мектепке дейінгі ұйымдар үшін)


Орта білім беру

— Шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар


Қосымша білім беру

— Шектеу шаралары кезеңінде балаларға қосымша білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

Дата публикации
28 августа 2020
Дата обновления
28 августа 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
07 февраля 2023
Мұғалім күні
Ақпарат
02 февраля 2023
LESSON STUDY ЖӘНЕ ACTION RESEARCH ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ КЕЗІНДЕ ЕСКЕРІЛМЕЙДІ

Социальные медиа

ҚР Білім және ғылым Министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім Комитеті
ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және трта білім беру Комитетінің Instagram парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы