Меню

Страницы

Статья

Мектепке дейінгі білім беру

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің 2020-2021 оқу жылына арналған негізгі міндеті Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған мақсатты жүзеге асыруға - балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың үйлесімді жан-жақты дамуы үшін жағдай жасауға бағытталған.

Республикада 10 719 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік – 6 269 бірлік (ондағы балалар – 539 020), жеке меншік – 4 450 бірлік (ондағы балалар-367 780). 6 843 балабақшада 788 388 бала, 3 876 шағын орталықта 118 412 бала тәрбиеленуде.

Мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылған барлық  балалар саны 906 800, оның ішінде 1-6 жастағы балалар – 78,7%, 3-6 жастағы балалар – 98,5%, 1-3 жастағы балалар – 42,7% құрайды. Алматы (98,4), Қостанай (99,8) облыстарынан, Нұр-Сұлтан қаласынан (96,1), Алматы қаласынан (87,1) басқа барлық өңірлерде балаларды  мектепке дейінгі ұйымдармен 100% қамтуға қол жеткізілді. 100% көрсеткішке қол жеткізбеу өңірлердегі көші-қон және демографиялық процестерге байланысты.

2019 жылы 642 мектепке дейінгі ұйым ашылды. 2020 жылғы тамыздағы жағдай бойынша 125 мыңға жуық бала немесе 28,1% - ы мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама алды.

Жаңа оқу жылының басында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру үшін Білім министрлігі нормативтік базаны жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді:

- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  мемлекеттік жалпыға  міндетті стандартына (ҚР БҒМ 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 Бұйрығы);

- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  үлгілік оқу жоспарларына (ҚР БҒМ 2020 жылғы 12 мамырдағы № 195 бұйрығы);

- Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған білім беру қызметін көрсетудің үлгілік шартына  (ҚР БҒМ 2020 жылғы 15 сәуірдегі  № 143 бұйрығы) өзгерістер мен толықтырулар енгзілді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыруға бағытталған барлық шаралар балаларды мектепте оқытуға табысты дайындауға және ата-аналардың мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Дата публикации
21 июня 2020
Дата обновления
21 июня 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
07 февраля 2023
Мұғалім күні
Ақпарат
02 февраля 2023
LESSON STUDY ЖӘНЕ ACTION RESEARCH ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ КЕЗІНДЕ ЕСКЕРІЛМЕЙДІ

Социальные медиа

ҚР Білім және ғылым Министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім Комитеті
ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және трта білім беру Комитетінің Instagram парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы