ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті хабарлағандай, мектеп директорлары педагогтерді Lesson Study сабағына зерттеу жүргізу әдістемесі бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуге және өз тәжірибелерінде Action research инновациялық әдістерін қолдануға мәжбүрлемеуі тиіс.
Заңнаманың жаңа талаптарына сәйкес ағымдағы жылдан бастап педагогтер үш жылда бір рет кесте бойынша және тегін негізде біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Бұл курстардың сертификаттары сертификаттау кезінде ескеріледі. Lesson Study сабағына зерттеу жүргізу әдістемесі және аттестаттау рәсімінен өту кезінде Action research әдісін қолдану бойынша жеке біліктілікті арттыру курстарының қосымша сертификаттары талап етілмейді.
Lesson study - сабақты зерттеу. Онда мұғалімдер бірлесіп сабақ жоспарлайды, жүргізеді, бір-бірінің сабақтарын бақылайды, талдайды. Әдістеме топта рефлексияны дамытуға көмектеседі, мұғалімдерді бірлесіп жұмыс істеуге біріктіреді. Бұл жерде мұғалімдер оқушыларға арналған тапсырмаларды талқылай алады. Бұл тәсіл оқыту сапасын жақсартады, оқыту әдістерін, мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы қарым-қатынас мәдениетін жақсартуға көмектеседі. Мұғалімдер бұл әдістерді өз тәжірибесінде қалауы бойынша қолдана алатындығын атап өтуге болады.