Өткізілетін уақыты: Қазан
Өтетін орны: Қазақстан Республикасының Үкімет Үйі, Астана қ.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы
Кездесу қатысушылары: 2023 жылғы халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 23 оқушы.
2023 жылғы халықаралық олимпиадалар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасы 2 алтын, 11 күміс, 10 қола медальға ие болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша, 2022 жылдан бастап жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы беру қарастырылған.
Алтын медаль жеңіп алған оқушы 1500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, күміс медаль үшін – 1000 АЕК, қола медаль үшін – 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы алады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған педагогтарге мынадай мөлшерде біржолғы сыйақы беріледі:
1) I дәрежелі ДИПЛОМ мен алтын медаль иегерін дайындаған педагогке - базалық лауазымдық жалақының 26,5 еселенген мөлшері;
2) II дәрежелі ДИПЛОМ мен күміс медаль иегерін дайындаған педагогке-базалық лауазымдық жалақының 17, 5 еселенген мөлшері;
3) III дәрежелі ДИПЛОМ мен қола медаль иегерін дайындаған педагогке-базалық лауазымдық жалақының 8,5 еселенген мөлшері.
Кездесу барысында оқушылар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің атынан алғыс хатпен және ақшалай сертификатпен марапатталады.