Республикалық «Үздік педагог» конкурсы туралы ақпарат

 

Республикалық «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

Аудандық, қалалық (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың),

облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астананың),  Республикалық.

Конкурсқа меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына  қарамастан  білім беру ұйымдарының штаттағы педагог қызметкері болып табылатын,  педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар, кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар  Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. 

         Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін педагог құжаттарын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Үздік педагог» платформасына жүктейді.

Конкурстың I кезеңіне 961 педагог қатысты.  Облыстық кезеңге 461 педагог өтті.

Қазіргі кезде облыстық деңгейдегі Комиссия педагогтердің портфолиосын бағалау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Конкурстың II кезеңінің нәтижесі бойынша жеңімпаздар ІІІ кезеңге қатысуға жіберіледі.  Конкурстың III кезеңі кезеңі қазан айында өтеді.  III кезең 2 турдан тұрады. Екінші турда педагогтер Астана қаласы білім беру ұйымдарында сабақ өткізеді. Конкурстың қорытындысы Республика күні қарсаңында шығады.

Республикалық кезеңнің 64 жеңімпазына «Үздік педагог» куәлігі,  «Үздік педагог» төс белгісі және 1000 АЕК (3 450 000 теңге) беріледі.

Дата публикации
28 сентября 2023