2022 жылғы жұмыс қорытындылары туралы қысқаша ақпарат

  • Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің Орта білім беру комитеті орта білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізеді.
  • Қазіргі таңда республика бойынша 7700 орта білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның 7156 мемлекеттік мектеп. Өткен оқу жылымен салыстырғанда биылғы жылы оқушылардың жалпы контингенті 100 мың балаға артып, 3,7 млн. баланы құрады.
  • Білім беру процесінің сапасы мен тиімділігін арттыру және білім алушылар мен педагогтарды қолдау мақсатында қолданыстағы 50-ден астам нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің бұйрығымен реттеуші сипаттағы бірқатар ережелер бекітілді.
  • 2022 жылдың қорытындысы бойынша «Білімді ұлт»сапалы білім беру» Ұлттық жобасының, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының іс-шараларын орындау жөніндегі Жол картасының және басқа стратегиялық құжаттардың көрсеткіштері мен іс-шаралары орындалды.
  • 2022 жылы «PISA-Based Test for Schools» зерттеуі аясында 1000 мектеп білім сапасын сырттай бағалаудан өтті. PISA халықаралық зерттеуіне 577, оның ішінде 259 ауылдық мектеп қатысты. Бұл зерттеудің нәтижелері 2023 жылдың желтоқсанында жарияланады.
  • Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі 2022 жылы 1441 мектепте жүргізіліп, оған 4 және 9 сыныптардың 1058 оқушы қатысты. Мониторинг қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді және кешенді талдау дайындалды. Сонымен қатар, мониторинг нәтижелері пәндер бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын қайта қарау кезіндегі жұмыста пайдалануда.
  • Ағымдағы оқу жылында «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестатты және «Алтын белгі» белгісін алуға үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді. Бұл академиялық адалдықты қамтамасыз ету және «Алтын белгі» белгісінің мәртебесін арттыру үшін қабылданды.
  • Оқулықтардың сапасын арттыру мақсатында оқулықтардың сапасын бағалау мен іріктеудің бес сатылы жүйесі енгізілді, сондай-ақ оқулықтар мен баспалар авторларының жауапкершілігін арттыру бойынша шаралар кешені қабылданды.
  • 2022 жылы халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері алғаш рет 500-1500 аралығындағы АЕК мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақымен марапатталды. Сыйақы халықаралық олимпиадалардың 27 жеңімпазы мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ оларды дайындаған 26 педагогке берілді. Биылғы жылы қазақстандық оқушылар 312 медаль (43 алтын, 95 күміс және 174 қола) жеңіп алды. Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша 920 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды (1 орын - 183, 2 орын - 274, 3 орын - 463).
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар ерекше назар аударуды қажет етеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды уақтылы көрсету үшін республикада 92 ПМПК, 208 ППТК, 14 ресурстық орталық және 10 аутизм-орталық жұмыс істейді. Ағымдағы жылы 60 мыңнан 50 мың балаға дейін ПМПК ашу нормативі бекітілді. Осыған байланысты ПМПК желісі жыл сайын жоспарлы көрсеткішке (126 ПМПК) дейін кеңейтілетін болады.
  • Аутизм спектрі бұзылған балалардың құқықтарын іске асыру мәселелері бойынша нақты шаралар қабылдау мақсатында Оқу-ағарту Министрлігі жанынан аутизм мәселелері жөніндегі Кеңес құрылды.
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы түзету қолдау көрсету үшін арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша нормативтік құжат бекітілді. Сонымен бірге, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды уақтылы           анықтау және есепке алу үшін ПМПК-модульде бірыңғай тізілім енгізілді.
  • Білім беру ұйымдарында 363890 педагог жұмыс істейді. Биылғы жылы біліктілікті арттыру курстарынан мектепке дейінгі және орта білім ұйымдарының  109425 педагог өтті.
  • Жыл сайынғы «Үздік педагог» байқауының 64 жеңімпаздарына куәліктер, төсбелгілер және 1000 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы табыс етілді.
  • Басқарушы кадрлардың кәсіби әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында білім беру ұйымының бірінші басшылары арасында ротация жүргізілуде.                      2022 жылы 433 басшы ротацияланды, бұл ротацияға жататындардың жалпы санынан 70,1% құрайды.
  • Педагогтерді аттестаттау Ережесіне өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, біліктілік санатын растау кезінде 30 және одан да көп жыл жұмыс істеген педагогтер тестілеуден босатылады, аттестаттаудан өту кезеңдері де қайта қаралуда.
  • Шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1003 мектеп жаңғыртылды. Жаңғырту нәтижесінде 673 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 475 мектеп пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілді. Мектептерде жиһаз, кітапханалар мен асханалар жаңғыртылды, сондай-ақ оқушылардың қауіпсіз болу жағдайларын жақсарту бойынша шаралар қабылданды.

 

2022 жылғы жұмыс қорытындылары туралы
Дата публикации
28 сентября 2023