Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
ze.makhsutova@edu.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Мақсұтова Зейнеп Әбдіжүсіпқызы
Төрағаның орынбасары
Общая информация, образование

Мақсұтова Зейнеп Әбдіжүсіпқызы
1970 жылғы 13 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. 

Карьера

Еңбек жолын 1987 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы Ленин атындағы орта мектепте физика кабинетінің лаборанты болып бастады.

1988–1991 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінде білім алып, 1993 жылы М. Әуезов атындағы педагогикалық институтты (қазіргі Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті) тәмамдады.

1993–1996 жылдары М. Әуезов атындағы педагогикалық институтта (Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ) орыс тіл білімі кафедрасының оқытушысы болып қызмет етті.

1996–1999 жылдары Мәскеу қаласындағы Ресей білім академиясының білімді дамыту институтының күндізгі аспирантурасында оқыды.

1999–2002 жылдары Мәскеудегі Ушинский атындағы педагогикалық кітапханада бас библиограф қызметін атқарды.

2002–2006 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде орыс тіл білімі кафедрасының оқытушысы болып еңбек етті.

2006–2013 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінде бас сарапшы лауазымында болды.

2013–2015 жылдары аталған департаменттің басқармаларының жетекшісі қызметін атқарды.

2015–2020 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2020–2023 жылдары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментін басқарды.

2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарып келеді.

Социальные медиа

ҚР Білім және ғылым Министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім Комитеті
ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және трта білім беру Комитетінің Instagram парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы