
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу бойынша құжаттарды қабылдау басталды.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 63-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiне сәйкес Министрлікте 2018 жылға арналған жыл сайынғы жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау биыл желтоқсан айының 5-нен 20-на дейін жүргізіледі.
Аккредиттеуден өтуге ниет білдіргендер толық ақпаратты келесі сілтемеге сәйкес ала алады (http://mid.gov.kz/ru/pages/obyavlenie-o-srokah-i-usloviyah-osushchestvleniya-akkreditacii-obedineniy-subektov-chastnogo).