Қазақстан-Беларусь бизнес форумына 350-ден астам іскерлік орта өкілдері қатысты

Қазақстан-Беларусь бизнес форумына 350-ден астам іскерлік орта өкілдері қатысты

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Беларусь Республикасына (Минск қ.) жасаған ресми сапары аясында екі жақтың 350-ден астам бизнес-ортасының өкілдері қатысқан Қазақстан-Беларусь бизнес форумы болды.

Форум қатысушыларына Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, екіжақты ынтымақтастық пен перспективаларды дамыту мәселелері талқыланды.

Жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнеркәсібі, тау-кен өнеркәсібі, металлургия, байланыс жабдығын өндіру және өңдеу өнеркәсібі сияқты салалар бойынша екі ел кәсіпорындары арасында екі жақты іскерлік кездесулер өтті.

Сапар аясында 108 млн. АҚШ долларына жуық соманың 6 коммерциялық келісіміне қол қойылды (ҚР комбайндары мен жүк көліктерін, жүк таситын көліктер мен коммуналдық көлік құралдарын жеткізу, Іскерлік кеңесті құру).

Бизнес-форум алаңында Беларусь Республикасының ғылыми, техникалық және инновациялық әзірлемелерінің көрмесі ұйымдастырылып, Белорусь өндірушілерінің (55 мемлекеттік мекеме, ұйымдар және ірі белорус компаниялары) алдыңғы қатарлы өнімдері қойылды. Олардың қатарында машина жасау, автомобиль, ауыл шаруашылығы, жаңа технологиялар, медицина, фармацевтика, аэроғарыш, құрылыс, биотехнология және АТ және тағы басқа да салалардың өнімдері қамтылған.

2017 жылдың 9 айында Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналым 60%-ға артып, 441,4 млн. АҚШ долларын құрады.

Анықтама:  2017 жылдың 9 айында экспорт 2,4 есеге артып,  $68,0 млн. құрады (2016 жылдың сәйкес кезеңінде $28,9 млн.).  Ал, импорт 51,1%-ға өсіп, $373,4 млн. құрады. (2016 жылдың сәйкес кезеңінде $257,0 млн.).