«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Астана қалалық филиалының жаңа директоры тағайындалды

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Астана қалалық филиалының жаңа директоры тағайындалды

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) бас директорының бұйрығына сәйкес, Астана филиалының жетекшісі болып Асқар Габидуллин тағайындалды. ҚазҚСҒЗИ басшылығының филиал директорының алдына қойған негізгі міндеттер -  филиал тиімділігін көтеру, сондай-ақ, сметалық баға белгілеу саласында Қазақстанның құрылыс секторының мамандарын кешенді оқытуды дамыту. Асқар Габидуллин ҚазҚСҒЗИ Астанадағы филиалының директоры Салауат Дембайдың орнына келді.

Габидуллин Асқар Маратұлы – екі жоғарғы білімі бар.

Ол экономика, басқару және экономист-менеджер мамандықтары бойынша Батыс-Қазақстан аграрлық университетін және қазақ-орыс Халықаралық университетін бітірген.  

Жұмыс тәжірибесі:

1998-1999 - Әлеуметтік инфрақұрылымның мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жергілікті комитетінің маманы;

1999-2001 -  «Актобе Агро» ЖШС менеджері;

1999-2001- «Актобе Агро» ЖШС менеджері;

2001-2002 -  «Орас» ЖШС келісім бөлімінің бастығы;

2002-2004 - «Рамазан» жабдықтау бөлімінің бастығы;

2004-2007  - «Олкем» ЖШС директоры;

2007-2008 - «Спецавтотранспорт» АҚ Мемлекеттік коммуналды кәсіпорнының бас инженері;

2008-2009 - Ақтөбе қ. Жер қатынастары бөлімі ММ бастығының орынбасары;

2009-2011 - Ақтөбе қ. «ТҮКШ, жолаушы көлігі және автомобильді жолдары бөлімі»ММ бастығы,

2011-2012 - Ақтөбе қ. Әкімінің бірінші орынбасары;

2012-2013 - Ақтөбе облысы бойынша Мобилизациялық дайындық және ТЖ жою бойынша  басқарма бастығы;

2013-2014 - «Нұр Отан» Партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

2014-2017 - «Елiм-Ақтөбе» АҚ коммуналды кәсіпорнының директоры,

2017 - «ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ инвестициялар тарту бойынша департамент жетекшісі

Анықтама

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ – өте күрделі инженерлік-геологиялық шарттарымен аудандарды  және сейсмикалық қауіпті өңірлерді қосқанда Қазақстанның құрылыс саласын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты. 

Институт 1931 жылдың 7 қыркүйегінде құрылған. Қазақстанның құрылыс нарығында 85 жыл тәжірибесі бар.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Жалғыз Акционері Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.