
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Құрметті отырысқа қатысушылар!
1-слайд (басты бет)
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2016 жылы Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы өзектендірілді. (2016 жылғы 6 қыркүйектегі Мемлекет Басшысының Жарлығы).
2-слайд
Бағдарламаның негізгі мақсаты еңбек өнімділігін арттыруға және өңделген тауарлар экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталған өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру болып табылады.
Бағдарламада экспортқа бағдарлану және еңбек өнімділігін арттыру дамудың негізгі бағыттары болып белгіленді.
Сондай-ақ, 2019 жылғы деңгейге 4 нысаналы индикатор белгіленді:
1) еңбек өнімділігінің 2015 жылғы деңгейге қарағанда 22%-ға арттыру;
2) өңделген өнім экспортының құндық көлемінің 2015 жылға қарағанда 19%-ға арттыру;
3) 2015-2019 жылдары өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына 4,5 трлн. теңге сомасында инвестиция тарту;
4) Өңдеу өнеркәсібінің энергия сыйымдылығын 2014 жылға қарағанда кемінде 7%-ға төмендету.
3-слайд
Енді 2016 жылдың қорытындысы бойынша Бағдарламаның индикаторлары мен нәтиже көрсеткіштері туралы егжей-тегжейлі баяндауға рұқсат етіңіз.
Бағдарламада 2016 жылға барлығы 4 нысаналы индикатор және 11 нәтиже көрсеткіштері қарастырылған. Олар Бағдарламаның негізгі міндеттерінің нәтижелі орындалғанын көрсетеді.
2016 жылдың қорытындысы бойынша 3 нысаналы индикатор және 8 нәтиже көрсеткіштері бойынша жоспарлар орындалды.
Слайд 4
«Экспорттың құн көлемінің өзгеруі» индикаторы бойынша көрсеткіш 90,2% құрады (жоспар - 86%).
2016 жылы өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 9,8%-ға қысқарып, 12,7 млрд. АҚШ долларын құрады.
Металлургия (94%, -549 млн долл.), химия (72,5%, -198 млн.долл) және мұнай өңдеу (63,1%, -755 млн.долл) сияқты салаларда әлемдік бағаның құлдырауына байланысты төмендеулер болды.
Мысалы, біз катодты мысты 40,3 мың тоннаға артық экспорттадық, нақты өсім 14%, алайда экспорттың ақшалай түсімі 53,5 млн. долларға төмендеді. Минералдық тыңайтқыштар экспортының нақты көлемі 22,3 мың тоннаға өсті, алайда құндық мәні 0,66 млн. астам долларға төмендеді.
«Еңбек өнімділігінің нақты өсімі» индикаторы бойынша көрсеткіш 131,7% болды (жоспар – 101,3%).
2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылдың қорытындысы бойынша индикатор девальвация салдарынан ақшаға шаққанда 44,4 мың АҚШ доллардан 38,9 мыңға дейін төмендеді. Бұл жалпыәлемдік тренд екенін атап өту керек. 2016 жылдың қорытынды нәтижелерін 2015 жылмен салыстырғанда 9,8-ден 13,3 млн. теңгеге /адам[1]. ( 1,3 есе) артты.
Анықтама ретінде: 2014-2015 жылдары ЭЫДҰ елдерінде өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі, бір адамға АҚШ долл.
|
2014 |
2015 |
|
|
ОЭСР |
99 525 |
100 523 |
|
Австрия |
115 382 |
100 518 |
|
Бельгия |
130 598 |
115 832 |
|
Чехия |
37 924 |
32 835 |
|
Дания |
147 923 |
134 790 |
|
Эстония |
33 077 |
26 071 |
|
Финляндия |
115 295 |
100 051 |
|
Франция |
104 615 |
90 712 |
|
Германия |
107 137 |
91 943 |
|
Греция |
58 626 |
48 282 |
|
Венгрия |
35 286 |
32 381 |
|
Италия |
77 426 |
67 396 |
|
Латвия |
28 848 |
25 231 |
|
Люксембург |
103 833 |
84 292 |
|
Нидерланды |
117 944 |
102 862 |
|
Словакия |
41 668 |
36 040 |
|
Словения |
52 346 |
44 960 |
|
Швеция |
143 827 |
128 864 |
|
Великобритания |
108 122 |
96 981 |
«Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі» индикаторы бойынша көрсеткіш 834,1 млрд. теңгені құрады (жоспар – 750 млрд. теңге).
2015 жылмен салыстырғанда (825,3 млрд. теңге) өңдеу секторына бағытталған қаржы 8,8 млрд. теңгеге (1,1%) өсті, нақты көрсеткіш 3,3%-ға қысқарды (3,1%-ға төмендеу болжанды).
2016 жылдың 9 айында өңдеу өнеркәсібіне 2,6 млрд. АҚШ долл. тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 есеге артық. (2,1 млрд.АҚШ доллар).
Анықтама: 2016 жылдың 9 айында ТШИ таза ағыны 2015 жылдың сәйкес кезеімен салыстырғанда 1,3 млн. долларға қысқарды.
«Өңдеу өнеркәсібіндегі энергия сыйымдылығының төмендеуі» индикаторы бойынша деректерді Статистика Комитеті 2017 жылдың қарашасында жариялайды. Сондықтан бүгінгі күні бұл көрсеткішті бағалау мүмкін емес.
Слайд 5
2016 жылдың қорытындысы бойынша Бағдарламада жоспарланған 10 жобаның 8-і орындалды.
Слайд 6
Нәтижесінде, дәстүрлі секторлардағы кәсіпорындарды жаңғырту есебінен тиімді базалық индустрияны құруды аяқтау бойынша елдің 7 аймағында қолданыстағы өндірістерді жаңғырту және кеңейту бойынша жалпы сомасы 68,7 млрд. теңгеге жуық 10 жоба жүзеге асырылды.
Слайд 7
Ірі салаларға негіз болатын жобаларды жүзеге асыру арқылы индустриалды өркендеудің жаңа нысандарын ашу аясында өңдеу өнеркәсібінің 4 секторында (металлургия, мұнай өңдеу, машина жасау, құрылыс индустриясы) жалпы сомасы 154,9 млрд. теңгеге 6 жаңа ірі өндіріс құрылды. Сондай-ақ, ірі жобаларды іске асыру үшін Global-2000/ТНК-ға енгізілген компаниялар тізімінен 7 инвестор тартылды.
Биыл Бағдарламада 2 жаңа ірі өндіріс ошағын құру жоспарланған.
Анықтама:
2017 жылғы жаңа жобалар:
1. Темір жолда қолданылатын доңғалақ өндірісі кешені «Проммашкомплект» ЖШС (Павлодар облысы);
2. Шыны өндіру зауыты (Қызылорда облысы).
Слайд 8
Жоғары тиімді индустриялық кәсіпкерліктің қалыптасуына қолайлы жағдай жасау аясында еліміздің 13 өңірінен 46 кәсіпорынға еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған жалпы сомасы 379,9 млн. теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілген.
Жалпы 2016 жыл қорытындысы бойынша Бағдарлама нәтижесінің индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі 84,6 % құрады.
Слайд 9
Индустриялық-инновациялық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша өңірлер бөлінісінде келесі динамика байқалады:
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің нақты өсімі 2015 жылға қарай 2016 жылы 12 өңірде белгіленген, өсу қарқыны бойынша үздіктер: Ақтөбе (115,8%), Қызылорда (115%), Маңғыстау (110,9%) облыстары.
Слайд 10
2015-2016 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі нақты алғанда барлық өңірлерде өскен, соның ішінде ең көп өсім Ақмола ( 1,9 есеге), Маңғыстау (1,7 есеге), Ақтөбе және Жамбыл (1,6 есеге) облыстарында.
Слайд 11
Өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға инвестиция көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы нақты мәнде 10 өңірде өскен, соның ішінде ең көп өсім Жамбыл (3,8 есеге), Солтүстік Қазақстан (2,9 есеге), Алматы (1,2 есеге) облыстарында.
Слайд 12
2016 жылдың нәтижесі бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іс-шаралар жоспарының тармақтарын іске асыру деңгейі 97,6%құрады.
Бағдарламаның іс-шаралар жоспарында 87 тармақ қарастырылған, оның ішінде 42 тармақты 2016 жылы іске асыру жоспарланған (барлық шаралардың 48,3%). Сондай-ақ, 1 тармақ орындалмай қалды («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ).
Анықтама:
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тармақты орындамауының себебі:
- «ҚДБ» АҚ несиелеу жолымен ИИДМБ іске асыру шеңберінде инвестициялық жобаларды қаржыландыру: 2016 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 75 млрд. теңгеге зайымдық қаражаттардан қосымша 75 млрд. теңге («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бюджеттік несиелеудің міндетті шарты) тарту қамтамасыз етілмегендіктен қаржыландыру жүргізілмеген.
Слайд 13
Бағдарлама шараларын іске асыруға мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан 2016 жылы 183,2 млрд. теңге бөлінген (173,2 млрд. теңге – мемлекеттік бюджеттен (республикалық және жергілікті бюджеттер) 10 млрд.теңге – ҚР Ұлттық қорынан).
2016 жылдың қорытындысы бойынша қаражаттардың игерілуі Ұлттық қор бойынша - 100%, мемлекеттік бюджет бойынша – 99,5% құрады.
Слайд 14
2016 жылы Индустрияландыру картасы аясында 878 млрд. теңгенің 130 жобасы іске қосылды, 10 мыңнан аса тұрақты жұмыс орны құрылды.
Анықтама ретінде:
2016 жылдың негізгі жобалары:
1) «Алтай полиметалдар» ЖШС «Көктасжал» кен-байыту комбинаты (Қарағанды облысы);
2) «Bapy Mining» ЖШС қайта балқытылған шойынын алатын тау-кен және қайта өңдеу кешені (Алматы облысы);
3) «Казахстан Пайп Тредерс» ЖШС Премиум класының газгерметикалық оймалы қосылғылар зауыты құрылысы (Маңғыстау облысы)
4)«Конденсат» АҚ К5 экокласты моторлық жанар-жағармай өндіру (Батыс Қазақстан облысы);
5)«KARLSKRONA LC ЖШС жалпы машина жасау және арнайы құймаларды дайындайтын құю зауыты (ОҚО).
Іске қосылған Карта жобаларымен 2016 жылы сомасы 2,2 трлн. теңгеден асатын өнім өндірілді. Былтыр іске асырылған Карта жобаларының есебінен өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің 18,5% өндірілгенін атап өту қажет.
Сала бойынша сараласақ, металлургияның 22% индустрияландыру картасының жобалары есебінен алынды, құрылыс индустриясында – 33%, химия өнеркәсібінде – 30%, фармацевтикада – 38%.
Анықтама ретінде: 7 жыл ішінде (2010-2016 жж.) 4,7 трлн. теңгеге 1028 жоба енгізілді, 97 мың тұрақты жұмыс орыны ашылды. Енгізілген жобаларда 2010 жылдан бастап 7,7 трлн. теңгенің өнімі өндірілді. ЖІӨ өсімінде Карта жобаларының үлесі 1/3 құрады.
Слайд 15
Индустрияландыру саясатын іске асыру бойынша жүргізіліп отырған жұмыстың, сондай-ақ Бағдарлама аясында өңдеу салаларын қолдаудың арқасында өңдеу саласындағы дағдарыс пен тау-кен өндіру саласының төмендеуі жағдайында тұрақты өсім байқалып отыр.
Осылайша, 2016 жылдың қорытындысы бойынша тау-кен өндіру салаларында төмендеу байқалып отырғанда (2015 жылға -2,7%) өңдеу секторында нақты тұрақты өсім (2015 жылға +0,7% ) болды.
Өңдеуші өнеркәсіптің өсуі бірінші кезекте басым салаларда өндірістің өсуіне байланысты болып отыр: түсті (8,5%-ға) және қара металлургия (3,3%-ға), ауылшаруашылық техникасы (5,6%-ға), тамақ өнімдері (3,9%-ға), агрохимия (3,1%-ға), мұнай өңдеу саласы (0,4%-ға).
Нәтижесінде, ел экономикасындағы қайта өңдеу секторының үлесі ұлғайды.
Алдыңғы жылмен салыстырғанда 2016 жылы өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 10,7%-ға, өнеркәсіпте 41,5 %-ға өсті.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!