
«Rio Tinto» компаниясы ҚР аумағында геологиялық барлау жұмыстарын одан әрі жалғастыруға ниетті және геологиялық барлау жобаларына инвестициялар салу үшін жаңа мүмкіндіктерді зерделейді, оның ішінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен ынтымақтастықты жалғастырады.
ҚР Президентінің Ұлыбританияға сапары шеңберінде ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Төрағасы Базарбай Қанайұлы Нұрабаевтың тұлғасында және бас директор, Африка-Евразия өңірінде геологиялық барлау бойынша директор, Кен Тейнтон тұлғасында «РИО ТИНТО МАЙНИНГ ЭНД ЭКСПЛОРЭЙШН ЛИМИТЕД» британ компаниясы арасында тиісті меморандумға қол қойылды.
Анықтама ретінде: Қазіргі таңда «Rio Tinto» компаниясы мен ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің ведомстволық бағынысты компаниясы «Қазгеология»АҚ Қарағанды облысының Қорғантас учаскесінде және Балқаш-Сарышаған алаңында мыс-порфира кендерін барлау бойынша екі бірлескен жобаны іске асыруда.
1. «Қарағанды облысының Қорғантас учаскесінде мыс-порфира кендерін барлау» жобасы «Қазгеология»АҚ пен«Rio Tinto» компаниясы арасындағы «Saryarka» бірлескен кәсіпорын шеңберінде іске асырылуда. Учаске алаңы 3,909 кв.км. құрайды. Іздеу кезеңіндегі инвестиция көлемі 6 млн. АҚШ долларын құрайды.
Бастапқы жұмыстар ағымдағы жылы басталды. Қазіргі таңда 17,350 желілік километр көлемінде аэрогеофизикалық түсірімдер орындалды жер бетінде геологиялық зерттеулер жүргізілуде.
Келесі жылы жер бетінде геохимиялық және геофизикалық зерттеулер жүргізу жоспарлануда.
2. «Қарағанды облысының Балқаш-Сарышаған алаңында мыс-порфира кендерін барлау» жобасы «Қазгеология»АҚ пен«Rio Tinto» компаниясы арасындағы «Bektau» бірлескен кәсіпорын шеңберінде іске асырылуда.
Учаске алаңы 12,918 ш.км. құрайды. Іздеу кезеңіндегі инвестиция көлемі 9,7 млн. АҚШ долларын құрайды. Дала жұмыстары 2016 жылғы көктемде басталады. Көлемі кемінде 10 000 қума километр аэрогеофизикалық зерттеулер, жер бетінде геофизикалық және бұрғылау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
«Қазгеология»АҚ пен«Rio Tinto» компаниясы арасында қол қойылған технологиялық ынтымақтастық шарттың шеңберінде қазақстандық мамандардың технологиялар мен инновациялар саласындағы біліктілігін көтеру жөніндегі алты жылдық бағдарлама іске асырылады ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің және «Қазгеология»АҚ-тың қызметкерлері арасынан 60 маман оқытылатын болады. Олардың ішінен 12 маман «Rio Tinto» тобының мүшелері пайдалы қазбаларды барлау кезінде пайдаланатын озық әдістемелер мен технологияларды тереңдете оқып, үйрену үшін «Rio Tinto» командасына іссапарға жіберіледі.
«RioTinto» компаниялар тобы пайдалы қазбаларды барлау, өндіру әрі қайта өңдеу саласындағы техника мен операциялық қызмет саласында терең білімге, сондай-ақ қазіргі заманғы технологияларға ие екенін, табиғат пайдалану, өңірлік инфрақұрылымды дамыту, жергілікті халықпен жұмыс істеуде, еңбек пен өнеркәсіптегі қауіпсіздікті қорғауда, маркетингте соңғы жетістіктерді пайдаланатынын әрі озық технологияларға қол жеткізе алатынын көрсетеді.ҚР ИДМ осындай технологиялардың Қазақстан Республикасында қолданылуына мүдделі әрі Рио Тинтоның оларды қолдану жөніндегі ниетін қолдайды.
Анықтама ретінде: «RioTinto» Австралия-британ концерні – капиталдану нарығындағы көлемі бойынша әлемдегі екінші ұлтаралық тау-кен металлургия окмпаниясы, өңірлік, геологиялық, геохимиялық, геофизикалық және қашықтықтан түсірудегі озық әдістерді пайдаланып, минералдық ресурстарды барлау жұмыстары саласындағы жұмыста мол тәжірибеге ие. «RioTinto» кәсіпорындарында 40-тан астам елде 60 000-ға жуық қызметкерлер жұмыспен қамтылған. «RioTinto» компаниясы Қазақстан Республикасында 2003 жылдан бері жұмыс істеуде. Компания Қазақстан Республикасында жалпы сомасы 15 млн. АҚШ долларын құрайтын геологиялық барлаудың 2 жобасына қатысуда.