
ҮИИДБ бірінші бесжылдығы аясында елімізде 20-дан астам өңдеу өнеркәсіп саласы құрылды. Пайдалануға берілген кәсіпорындар металлургияның жалпы көлемінің 21 %, химия мен құрылыс саласының 30 % өнімін береді. Міне осылай, елімізде аймақтық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ететін жаңа базалық салалар пайда болды.
Анықтамалық үшін: Атырау облысында 4 жоба – Газхимия кещенінің 2 фазасы, Атырау МӨЗ, полимер өнімдерін шығаратын кәсіпорын толық қуатында жұмыс істегенде аймақтағы өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің тең жартысын береді. Ақтөбе облысында 2 жоба - ферроқорытпа және релсьтікбелдемдер зауыты өңдеу өнеркәсібінің 30% дейін береді. Жалпы еліміздің 4 аймағында 5 жылдың ішінде құны 984 млрд. теңгенің 174 жобасы іске қосылды. 15 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында Батыс аймақтарда 54 мың жұмыс орны ашылды және бұрынғы жұмыс орындары сақталды.