
Батыс Қазақстан облысында 10 жылдың ішінде 2,5 мың шақырым, ал 5 жылда 1,7 мың шақырым теміржол салынды және қайта жаңғыртылды. Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешевтің айтуынша, жақын уақытта «Боржақты-Ерсай» және «Шалқар-Бейнеу» учаскелері пайдалануға беріледі. «Су көлігі саласында Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту және Құрық портында паромдық кешен салу бойынша жобалар іске асырылуда. Ақтөбе, Атырау және Ақтау қаласының әуежайлары қайта жөнделді»- деп, атап өтті Ә.Исекешев. Энергетика саласында 6 мың МВт астам электр қуаты жаңартылып, енгізілді. Министрдің айтуынша бұл экономиканың электроэнергияға деген сұранысын толық қамтамасыз етті.