
2015 жылғы 16-17 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Астана қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің кезекті ХІІІ отырысы өтті.
ӨҚМК өз қызметінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің үкіметтері арасындағы, қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ынтымақтастық туралы келісімді басшылықа алады (Мәскеу, 2001 жылғы 28 қыркүйек). Осы келісім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 113 қаулысымен бекітілген.
ӨҚМК ХIIІ отырысына ТМД қатысушы-мемлекеттердің уәкілетті өкілдері: Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғыстан, Молдава, Ресей және кеңесші дауысы бар ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері, сондай-ақ БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссия өкілі қатысты. Аталған іс-шараға қатысу үшін Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдар басшылары шақырылды.
Осы ӨҚМК отырысында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Вице-министрі Альберт Павлович Рау қатысушыларға арнап сөз сөйледі.
ӨҚМК ХІІІ отырысына төрағалық ету Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Сейтқамзаұлы Құнанбаевқа тапсырылды.
Жұмыс барысында ӨҚМК 2014-2015 жылдардағы жұмыс қорытындысы, қауіпті өндірістік объектілердегi өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қатысушы мемлекеттер заңнамасына өзгерістер енгізу және жыл бойындағы осы бағыттағы қызмет, ӨҚМК Қауіпті өндірістік объектілердегi өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі Негізгі іс-шаралар жоспарының 2017 жылға дейінгі кезеңде орындалу барысы, ӨҚМК мүше мемлекеттеріндегі артық қысымда жұмыс істейтін жабдықтарды қадағалау саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік реттеу жүйесі, Еуразиялық экономикалық одақтық қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын техникалық құрылғыларға қатысты бөлікті техникалық реттеу жөніндегі заңнамасы жағдайы мониторингі, қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына мемлекеттік бақылау жүргізу әдіснамасы, бақылаудағы объектілердің дағдысын, базалық негіздерін, сәйкестігіне сараптама/ бағалау (растау) нысандары мен әдістерін қараудағы тәжірибе, жойылған ұңғымалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді реттемелеуші нормативтік база, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы рұқсат құжаттарын беру жөніндіге мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру тәжірибесі туралы және өзге де өзекті мәселелер қаралды.
Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті атынан: Н.С. Құнанбаев - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің жыл бойы қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметі мәселесі бойынша, Қазандық, газ шаруашылығы және көтеру құрылысы объектілеріндегі мемлекеттік қадағалау басқармасы басшысы В.В. Мельник – ӨҚМК мүше елдердегі артық қысымда жұмыс істейтін жабдықтарды бақылау саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік реттеу жүйесі туралы мәселе бойынша, Атом энергиясын пайдалану объектілеріндегі мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы М.З. Тюлюбаев - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы рұқсат құжаттарын беру жөніндіге мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру тәжірибесі туралы мәселе бойынша баяндама жасады.
ӨҚМК ХIIІ отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді қарау және талқылау қорытындысы бойынша, ТМД қатысушы-мемлекеттердің қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында өзара іс әрекеттерінің тиімділігін жетілдіруге бағытталған бірлескен шешімдер қабылданды.