ТУРИСТЕРДІ «САҚТАНДЫРУ»

ТУРИСТЕРДІ «САҚТАНДЫРУ»

Қазақстанда сыртқа шығу туризмі саласында азаматтардың құқықтарын кепілдендіру жүйесін енгізу ұсынылып отыр. Бұл соңғы уақыттағы туроператорлардың немесе шетелдік тасымалдаушылардың кесірінен қазақстандық туристердің елге орала алмай сергелдеңе түсуіне байланысты. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Индустриалды-инновациялық саясат мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылау кезінде Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев айтты. «Енді туроператорларға банктік кепілдік ұсыну міндеті жүктеліп отыр. Бұл азаматтың құқы бұзылған жағдайда әкімшілік жүйесінің пайдасына Үкімет бекіткен ақшалай сома мөлшерін төлеуді қарастырады. Қазақстандық әрбір туристің жодамасынан  әкімшілік жүйесінің (Туристің құқын қорғау қорына) арнайы есепшотына ақшалай сома аудару міндеттеледі.  Сыртқа шығу туризмі саласында азаматтың құқы бұзылған жағдайда осы қаржының есебінен туристі ҚР аумағына қайтару шаралары іске асады.