ИНВЕСТОРЛАРҒА ЖЕҢІЛДІК

ИНВЕСТОРЛАРҒА ЖЕҢІЛДІК

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Еркін қойма» жүйесі аясында жеңілдіктердің алынып тасталуына байланысты Қазақстанда өңдеу саласының тартымдылығын сақтау үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында қолданылатын шикізат пен материалдарды импорттаған жағдайда ҚҚС босату сияқты салықтық артықшылықтар енгізіледі. Бұл бірінші кезекте отандық тауарлардың ішкі және сыртқы нарықта өзіндік құнын төмендетіп, бәсекелестігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүігін Мәжілісте «Индустриалды-инновациялық саясат мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылау кезінде Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев айтты.  «ҮИИДБ жүзеге  асқалы біз «Тойота», «Дженерал Моторс», «Фольксваген», «LG Электроникс», «Дженерал электрик», «Сименс», «Альстом» және тағы да басқа ірі халықаралық компаниялар тарапынан инвестиция тарттық» – деп, атап өтті Ә.Исекшев. 2009-2014 жж. аралығында 29 трансұлттық компаниялар құны 2,5 млрд. доллардың 46 жобасын жүзеге асырды.

 Анықтама: Автомобиль құрылысы саласындағы жобалар жүзеге асқан кезде 2019 жылға қарай жылына 200 мың көлік шығару көзделіп отыр. Бұл  көліктердің қосалқы бөлшектерін шығаруға да мүмкіндік береді. Аталған жобаларда 20 мың жаңа жұмыс орны ашылады.