АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНА АРНАЛҒАН БИЛЕТ

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНА АРНАЛҒАН БИЛЕТ

«Астана- Щучинск автомобиль жолындағы  ақылы учаскеде жергілікті жеңіл көлік үшін жылына 1000 теңге мөлшерінде абоненттік төлем көзделген. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көлік логистикасын және авиатасымалдарды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  ҚР заңының жобасын талқылау кезінде ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев айтты.

«Астана- Щучинск автомобиль жолындағы  алғашқы ақылы учаске жұмысының қорытындысы бойынша» 2014 жылы жиналған ақылы төлем 1 258,2 млн.теңге, ал шығыстары 1157,3 млн.теңге құрады, бұл сома ақылы жолдың диспетчерлері мен операторларының еңбекақысын төлеуді қоса алғанда, жолдың өзін ұстауға және ақы алу жүйесіне жұмсалды. 100,9 млн.теңге  мөлшерінде алынған пайда автокөлік құралдарының тоқтаусыз жүруін және ондағы ақы төлеу жүйесі жабдықтарының жұмысын қамтамасыз ету үшін қозғалыстың 7-ші белдеуін жайластыруға жұмсалды.» - деп атап өтті. Ә.Исекешев.

Анықтама ретінде:ҚХР Эксимбанкінің мемлекеттік емес қарызының қаражаты  есебінен 2,6 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде қаражатты жалпы шамасы 1963 км. автожолдарды қайта жаңартуға жұмсау ұсынылуда. Бұл учаскелер: «Талдықорған - Қалбатау - Өскемен» 767 км, «Қалбатау - Майкапшағай» 404 км, «Мерке – Бурылбайтал - Ақсүйек» 328 км, «Үшарал - Достық» 184 км, «Алматы – Шолпаната» 280 км. 5 жыл жеңілідкті кезеңімен 20 жыл мерзім ішінде негізгі борышты өтеу шартымен берілген. Бұл ретте, сыйақы ақылы жолдардан алынатын алымдар есебінен өтелетін болады және пайыздық ставкасы жылына 2%.

ҚР заңнамасына жүк тасымалдау кезінде электронды құжат айналымын енгізу және Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында авиациялық жүк транзиті бойынша бірыңғай талаптар мен технологиялық рәсімдер белгілеу үшін бірқатар өзгерістер енгізіледі. ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешевтің айтуынша, бұл жүктерді өңдеуді 10 күннен 4 сағатқа дейін азайтып, едәуір жылдам өткізуге мүмкіндік береді. Байланыс саласы мысалында 2017 жылдан бастап авиатасымалдарды тарифтік реттеу жөніндегі функцияларды салалық уәкілетті органға (ААК) беру, сондай-ақ Азаматтық авиация комитетінің қызметін Британ азаматтық авиация агенттігінің моделіне көшіріп, бағдарлау жолымен авиацияны мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру көзделуде. Қазіргі уақытта, әлемдік жетекші авиация әкімшіліктерімен  келіссөздер жүргізу процесі басталды, келесі жылы шетелдік мамандар жұмысқа кіріседі деп сенеміз. Мұның өзі 2020 жылға қарай ИКАО стандарттарына сәйкестік деңгейін 64 %-дан 80 %-ға дейін көтеруге мүмкіндік береді.