
2015 жылдың басынан Ақтау порты арқылы 4 млн. тонна жүк тиеп-түсірілді. Бұл экспорттық жүк өндірісінің төмендеуімен және мұнайды құбыр арқылы өткізу жүйесіне ауысымен байланысты. Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту және Құрық портында паромдық кешен салу бойынша жобалар іске асырылуда. 2020 жылға қарай теңіз порттарының өткізу қуаты шамамен 25 млн. тонна болады.