
Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Малайзия, БАӘ, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария және Жапония инвесторлары Қазақстан енгізген визасыз келіп-кететін елдердің тізіміне енді. ҚР ИДМ 2015 жылдың қаңтарынан бастап өткен жылы мемлекет басшысы қабылдаған инвестицияға мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыруды бастады. Бүгінде 5 институционалды реформа бойынша 100 нақты қадамның орындалуын есепке ала отырып, Инвестиция және даму министрлігі қосымша қаржыны қажет етпейтін шараларды қолға алады.
Анықтама: Қазақстан инвестициялық ахуалды жетілдіру үшін төмендегі бағыттарға назар аударады.