
2015 жылдың 8 айында теміржол көлігі саласында бақылау-қадағалау қызметі бойынша техникалық жағдайы сәйкес келмеуі себебінен 241 бірлік жылжымалы құрам (оның ішінде 26 локомотив, 215 вагон) пайдаланудан тоқтатылды, 168 станционды, кірме жолдары мен бағыттамалық өтпелер жабылды.
Жалпы қозғалыс қауіпсіздігі бойынша динамикасы оң. Қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарының саны 2014 жылмен салыстырғанда 44 жағдайға немесе 9,3 % азайған (2015 ж. 425, 2014 ж. 469).
Су көлігіндегі бақылау саласында кемелермен болған апаттық жағдайлар өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 11-ден 5-ке дейін азайды. 2015 жылдың 8 айы бойынша автокөлік құралдарынан түскен алым 2,5 млрд. теңгені құрады. 9 097 көліктік заңнаманы бұзушылық анықталды.