ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ШЕГІНДЕ «ӨНЕРКӘСІПТІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ» ҚҰЖАТЫНЫҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ШЕГІНДЕ «ӨНЕРКӘСІПТІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ» ҚҰЖАТЫНЫҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2015 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде Еуразиялық экономикалық комиссияның қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шегінде «Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары құжатының жобасын талқылау бойынша пленарлық отырыс өткізілді.

Пленарлық отырысының модераторы Альберт Рау болды.

Іс-шара барысында Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) С. Сидорский, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Армения Республикасының, Қырғыз Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия, Еуразиялық даму банкі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасының бизнес-қоғамдастық өкілдерінің сөз сөйлеулері тындалды.

ӨЫНБ жобасын жүзеге асыру шеңберінде және оны пысықтауға кең көлемде сарапшылар қоғамдастығының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен бизнесінің өкілдерін тарту жөніндегі мәселелер талқыланды.

ӨЫНБ ЕЭО елдерінің өнеркәсіп салаларында өзара әрекеттесудің негізгі векторларын анықтайтын орта мерзімдік құжат болып табылады.