
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловтың төрағалығымен 2015 жылғы 2 ақпанда Министрліктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 2 отырысы өткізілді.
Кеңес құрамына Министрлік департаменттерінің директорлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және көлеңкелі экономика кеңесінің мүшесі Сыздық Ерназар және «Қазақстан коммунистік халық партиясы» ОК ақпараттық-талдау бөлімінің меңгеруші Мұхамеди Азамат кірді.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 2015 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы шешім қабылданды.